Оқиға

Нұр-Сұлтандағы "қара кортеж". Кешірім сұрағандардың видеосы жарияланды

  • Нұр-Сұлтандағы

    Нұр-Сұлтандағы "қара кортеж". Кешірім сұрағандардың видеосы жарияланды

Нұр-Сұлтанда "қара кортеж" мүшелерінің бірі өз әрекеті үшін астаналықтардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

KIA маркалы автокөліктің 27 жастағы жүргізушісі өз әрекетіне өкінетініне және жауапкершілікті мойнымен көтеретінін айтады.

Осыған дейін, Нұр-Сұлтанда "қара кортеж" мүшелері әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны айтылды.

"5 қаңтарда Instagram желісінде әкімшілік тәртіп бұзу дерегінің видеосы пайда болды, онда қара түсті KIA автокөлігінің жүргізушісі "Хан Шатыр" СОО тұрағынан 15 автокөліктің кедергісіз шығу мақсатында Тұран даңғылының жүру бөлігін жауып тастаған. Полиция қызметкерлері бұл бейнежазбаны зерттеп, кортежге қатысушыларды анықтау бойынша шаралар қабылдады", - деді елордалық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

15 жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 614-бабы, 1-бөлігі және 590-бабы, 5-бөлімі, 10-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.

"KIA автокөлігінің 1992 жылғы жүргізушісі Мубараков Ташбулатхон Марифхажанұлы бұрындары да жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған және "Сергек" камералары да түсірген", - делінген хабарламада.

Полиция өкілдері кортежге қатысушылардың барлығының автокөліктері коммуналдық тұраққа қамалғанын айтылады.




Көрілген: 285    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.01.2020, 19:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29