Оқиға

Нұр-Сұлтандағы кептеліс: гүл дүкеніне 670 мың теңге айыппұл салынды

  • Нұр-Сұлтандағы кептеліс: гүл дүкеніне 670 мың теңге айыппұл салынды

    Нұр-Сұлтандағы кептеліс: гүл дүкеніне 670 мың теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтанда ашылу салтанатына екі мыңнан аса адам жинаған гүл дүкеніне 670 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мәңгілік ел даңғылы, 47 мекенжайындағы гүл дүкенінің маңында халық көп жиналу дерегі бойынша тәртіп бұзушы Есіл ауданының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына шақырылды. Бұл жоспардан тыс тексеру Бас прокуратураның Құқықтық статистика органдарында тіркелген.
Қазір кәсіпкерге қатысты тексеру нәтижелері туралы акт, нұсқама дайындалды және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша заңбұзушылық және әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттама рәсімделді. Субъект санатын ескере отырып, 230 АЕК (670 910 теңге) айыппұл белгіленді", - деді Ержан Байтанаев.

Еске салайық, 7 ақпанда Нұр-Сұлтанда ұтыс ойынының кесірінен ұзын-сонар кептеліс болғаны хабарланған. Әлеуметтік желіде бір топ адам гүл сататын дүкенде жиналып, ұтыс ойынына қатысып жатқаны туралы видео тараған. 

Кейін ұтыс ойынын ұйымдастырушылар көп адам жиналғаны үшін полицияға жеткізілгені белгілі болды.




Көрілген: 235    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.02.2021, 09:16

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30