Нұр-Сұлтандағы құрылыс алаңында жұмысшы мерт болды

16 мамыр 2022, 20:27

Астанада құрылыс алаңында жұмыс істеп жатқан биік кранның темір тросы үзіліп кетті. Салдарынан бір жұмысшы оқиға орнында мерт болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

 

– 15 мамырда сағат 03:34 шамасында "Тұран 1" МЖК құрылыс нысанының аумағында (құрылыс салушы «EMPAIRE» ЖШС) құрылыс-монтаждау жұмыстары барысында жүк көтергіш механизмді пайдалану кезінде (биік кран, жеткізушісі - «Krans Service Group» ЖК) апат орын алды.

 

Алдын ала мәліметтер бойынша, биік кранның тросы үзіліп, металл ілгек (гак) құлаған. Салдарынан бір жұмысшы оқиға орнында опат болды.

 

Ведомствоның хабарлауынша, жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылады.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкері апаттың себептері мен мән-жайларын анықтау мақсатында осы комиссияның жұмысына жетекшілік етеді.