Оқиға

Облыстық репродуктивті медицина орталығындағы өрт: әйелдер 4-қабатынан секірмек болды

  • https://www.instagram.com/p/CJ5w8HWnSxm/

    https://www.instagram.com/p/CJ5w8HWnSxm/

Өскеменде Карл Либкнехт көшесі, 17 мекенжайында орналасқан облыстық репродуктивті медицина орталығынан өрт шықты.

 

Куәгерлердің айтуынша, адамдар төртінші қабаттан секіріп түспек болған. Өрт сөндірушілер үш адамды құтқарды. Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, төртінші қабаттағы шатыр тұтанған.

 

Өрт болған жерден түсірілген видео мен фотосуреттер Instagram парақшаларында пайда болды.

 

Кадрлардан төрт қабатты репродуктивті медицина орталығының түтіндеп жатқаны көрсетілген. Екі әйел жоғарғы қабаттан секіріп кетпек болды. Өрт сөндірушілер шұғыл түрде өрт шыққан қабаттағы адамдарды эвакуациялауға кірісіп, үш адамды құтқарды. 

 

Сағат 17:09-да өрт ауыздықталып, 17:55-те толық сөндірілді.

 

Алдын ала мәлімет бойынша өрт аумағы -200 шаршы метр.

 

Өрт сөндіру жұмысына жеке құрамдағы 37 адам мен 12 арнайы көлік жұмылдырылды.

 

 

 

 

 

ktk.kz




Көрілген: 348    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.01.2021, 09:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31