Оқиға

Оқ тиді: Оралда жастар арасында жаппай төбелес болды

  • Оқ тиді: Оралда жастар арасында жаппай төбелес болды

    Оқ тиді: Оралда жастар арасында жаппай төбелес болды

Оралда жастар арасында жаппай төбелес болып, бір адамға оқ тиді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, оқиға кеше кешкісін М.Шолохов көшесі бойындағы "Венойл" жанар-жағар май құю стансасы аумағында болған. Кезекші пультіне сағат 22:10-да хабарлама келіп түскен. 

Оқиға орнына таяу маңдағы полиция тобы дереу жіберілді. Жедел іздестіру шаралары барысында төбелеске жиырма шақты адамның қатысқаны анықталды. 

 
"Оқиғаға қатысы бар жастар ұсталып, оларды уақытша оқшаулау изоляторына қамау мәселесі қарастылып жатыр. Қалған екеуі іздеуде. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігіне (бұзақылық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде", - деді БҚО полиция департаментінде.

Төбелес кезінде оқ жарақатын алған 24 жастағы азамат облыстық көпбейінді аурухананың хирургиялық жеткізілді.

"Оның іш қуысына ота жасалды. Жігіттің көптеген ішкі органдары: бауыры, талағы, тоқ және тік ішегі, кеуде тұсы зақымданып, қабырғалары сынғаны белгілі болды. Қазір емделуші жансақтау бөлімінде жатыр", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінде.




Көрілген: 312    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.10.2020, 12:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қараша, 08:44
    Иесін іздеген ит

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30