Оқиға

Оқталмаған деп ойлаған: Петропавл тұрғыны тапаншамен алдымен досын, кейін өзін атып салды

  • Оқталмаған деп ойлаған: Петропавл тұрғыны тапаншамен алдымен досын, кейін өзін атып салды

    Оқталмаған деп ойлаған: Петропавл тұрғыны тапаншамен алдымен досын, кейін өзін атып салды

Ер адам әзілдесемін деп досын тапаншамен атып тастады. Ол жанұшыра айқайлағанда, қалжыңдап жатыр деген райынан қайтпай, қаруды өзінің қолына кезейді

Петропавлда ер адам пневматикалық тапанша оқталмаған деп ойлап, өзін мен досын атып жіберді, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Полицияға Петропавлдағы медициналық мекемелердің бірінен пневматикалық қарудан зардап шеккен екі қала тұрғыны түскені туралы хабар түскен. Оқ жарықшақтары денесінен алынған соң, олар үйіне жіберілген", – делінген хабарламада.

Облыстық орталықтың криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері осы фактіні жіті тексеруі нәтижесінде, қала тұрғындары Borner газ баллоны бар пневматикалық тапаншамен ұқыпсыз жұмыс жасауы салдарынан жарақат алғанын анықтады. Олар қаруды балық аулауға алып барған. Айтуларына қарағанда, өздері тапаншаның оқталмағанына сенімді болған.

"Ер адамның бірі тапанша оқталмаған деп ойлап, досына қарата оқ атқан. Ол жанұшыра айқайлағанда, қалжыңдап жатыр деген райынан қайтпай, қаруды қолына кезейді. Салдарынан өзі де жарақат алған", – дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметкері Динара Сағындықова.
Полицейлер ұңғысының қуаты 7,5 джоульден аспайтын және калибрі 4,5 миллиметрлік пневматикалық қару тіркеуге жатпайды деп түсіндірді.

"Алайда кез-келген қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет, ал бұл мысал мұның тағы бір дәлелі", – деді Солтүстік Қазақстан облыстық әкімшілік полиция басқармасының арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Құрман Мусин.

sputnik.kz




Көрілген: 2019    Пікірлер: 0

сенбі, 29.05.2021, 01:42

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31