Оқушы қызды зорлағаны әшкере болған мұғалім өз-өзіне қол жұмсады

15 сәуір 2022, 17:53

Әуеликөл ауданы, Бағалы ауылында 42 жастағы мектеп мұғалімі өз-өзіне қол жұмсады. Оған Қостанайдан келген ер адаммен төбелесу себеп болған, себебі жанжал барысында мұғалімнің кәмелетке толмаған оқушымен ұзақ уақыт жыныстық қатынаста болғаны туралы ақпарат ашылып қалған. Бұл туралы деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталының тілшісі Toboloinfo.kz сайтына сілтеме жасай отырып жазды , - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Полиция департаменті суицид фактісін растады.

 

"Жыныстық қатынаста болу фактісі оқушының жергілікті мектепте оқып жүргенде және спортпен шұғылданған кезде болған. Кейін оқушы Қостанайға кетіп қалған, қазір оның жасы 17-де. Онда ол 50 жастағы ер адаммен танысып, мұғаліммен алғашқы жыныстық қатынасы туралы айтып берген. Мұны естіген ер адам мұғалімге сабақ болсын деп, үйіне келіп, ұрып-соғып, зорлау туралы арызбен қорқытпақ болған", - дейді жергілікті тұрғын.

 

Өзіне-өзі қол салған мұғалімнің артында үш баласы қалды.