Оқиға

Оқушыны зорлаған Екібастұз тұрғыны тергеу кезінде қайтыс болды

  • https://riavrn.ru/

    https://riavrn.ru/

Істі Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық түрде қарады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

 

Қайғылы жағдай өткен жылдың тамыз айында болған. 24 жастағы ер адамға жасөспірім қызды зорлады деген айып тағылды. Алайда, жас жігіт алдын-ала тергеу барысында 2020 жылдың 13 қарашасында қайтыс болды.

 

Заңға сәйкес, қайтыс болған адамға қатысты істі туыстары қайтыс болған адамды ақтау үшін  талап етсе, қарауға болады.

 

Ондай өтінішпен адвокат және айыпталушының заңды өкілі - оның әкесі  жүгінген.

 

Тергеу мәліметтері бойынша, сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сондай-ақ сарапшылардың қорытындыларымен дәлелденген.

 

Прокурор Екібастұз тұрғынын өзіне тағылған айыптар бойынша кінәлі деп тануды және оның қайтыс болуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады.

 

Күдіктінің әкесі мен оның адвокаты  ер адамды ақтауды сұраған.

 

- Сот үкімімен сотталушы өліміне байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық кодексінің 393-бабы, 7-  бөлігіне сәйкес жазаны қолданбай, кәмелетке толмаған қызды зорлау әрекетін жасағаны үшін кінәлі деп танылды, - деді Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Асхат Нұркиев.

 

 

 




Көрілген: 1146    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.04.2021, 18:30

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30