Оқиға

"Ол полицияда жұмыс істейді" - қаза тапқан полицейдің әйелі BMW жүргізушісі туралы

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Блокбекетте қаза тапқан полицей Дастан Әбдіқановтың әйелі Динара Әбдіқанова жол апатына кінәлі жүргізушінің құқық қорғау органдарында жұмыс істейтінін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Айта кетейік, жерлеу рәсімі бүгін Алматыда өтіп жатыр.

 

Әбдіқанованың айтуынша, жол апатына кінәлі BMW жүргізушісі әлі күнге дейін полиция департаментінде жұмыс істеп жүр.

 

Алматыдағы блокбекетте болған жол апаты: видеобақылау камерасындағы суреттер жарияланды

 

"Бұл өтірік. Ол полицияда жұмыс істейді. Оны жұмыстан шығармаған", - деп жазған Динара Instagram желісіндегі парақшасында.

 

 

Кейінірек ол ZTB порталына берген сұхбатында жүргізушіні танитынын айтқан.

 

"Жүргізуші полиция жұмыс істемейді деген өтірік. Ол менің күйеуіммен бірге түнгі ауысымға шығып жүрді. Мен оларға түнге тамақ дайындап беретінмін. Күйеуімнің әріптестерін танимын. Тек шындықты айтыңыздаршы, өтінемін! Қылмыскерлерді жасырмаңыздар!", - деді Динара Әбдіқанова.

 

Сондай-ақ, ол марқұм күйеуінің намысына тимей, тергеу жұмыстарын әділ жүргізуді сұрады.

 

Еске салайық, кеше, 25 мамырда таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке соғылған еді.

 

Ал кейінірек кі полицейдің өліміне кінәлі BMW жүргізушісінің 6 жыл полицияда қызмет еткені анықталды.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch




Көрілген: 784    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.05.2020, 13:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31