Оқиға

Өмірзақ Шөкеев Түркістанда көз жұмғандардың өліміне кінәлілерді анықтауды тапсырды

  • Өмірзақ Шөкеев Түркістанда көз жұмғандардың өліміне кінәлілерді анықтауды тапсырды

    Өмірзақ Шөкеев Түркістанда көз жұмғандардың өліміне кінәлілерді анықтауды тапсырды

Түркістан болған қайғыла оқиғаға байланысты облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгін Түркістан қаласында қайғылы жағдай орын алды. Бір отбасының бес мүшесі газдан уланып қайтыс болды. Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Мәселе менің жеке бақылауымда. Мен қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын!" - деп жазды Шөкеев. 

 
Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылған.

"Сондай-ақ, Төтенше жағдай департаментіне қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық жерде жылыту жүйелерін тексеруді және жылыту жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырдым", - деп қосты ол.

Бұған қоса, Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында 5 адамның қаза болу себебін анықтау жөніндегі комиссия отырысын өткізді.

Облыс басшысы полиция департаментіне, төтенше жағдайлар департаментіне жан-жақты тергеу жүргізуді, болған оқиғаға кінәлілерді табу және жазалауды тапсырды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Денсаулық сақтау басқармасының психологтар тобы көз жұмған жандардың туыстары мен жақындарына көмек көрсетеді. 5 азаматтың денесін жерлеу орнына жеткізу үшін көлік ұйымдастырылды, жерлеуді ұйымдастыруға қосымша жәрдем көрсетіледі.

Сонымен қатар, 28 ақпанда сағат 11-де барлық мүдделі органдардың қатысуымен баспасөз конференциясын өткізу туралы шешім қабылданды.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында төрт бала мен олардың аналары улы иіске уланып ажал құшқаны айтылған болатын.

Stan.kz




Көрілген: 466    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.02.2021, 09:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30