Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Орал қаласында жас жігіт көпірден секіріп кетті

01 маусым 2022, 08:17

Орал қаласында жас жігіт көпірден секіріп кетті. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожин мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, оқиға 31 мамыр күні кешкісін «Динамо» спорт базасы маңындағы Шаған өзенінен өтетін көпірде болған. Сағат 20.39-да шақырту түскен.

 «Көпірден секіріп кеткен 23 жастағы жігіт жағаға қарай жүзіп келе жатқан. Оған шұғыл жеткен полиция қызметкерлері көмектесіп, шамамен сағат 20.59-да жағаға шығарып алған. Денесі тоңазыған. Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде», деді Б.Нұрғожин.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің нақтылауынша, аталған тұрғын облыстық ауруханаға жеткізілген.