Оқиға

Орал маңындағы орманнан әйелдің мәйіті табылды

  • https://gtrk.tv/

    https://gtrk.tv/

Орал маңындағы орман алқабынан белгісіз әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі полиция марқұмның жеке басы мен өлім себебін анықтап жатқанын хабарлады.

 

"15 қыркүйекте түскі екі шамасында Ветелки ауылының жанындағы орман алқабынан әйелдің денесі табылды. Мәйіт марқұмның жеке басын және қайтыс болу себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілді", - деп хабарлады полиция.

 

Аталған дерекке байланысты қылмыстық кодекстің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Айта кетері, бұған дейін Оралда үйден шығып, қайта оралмаған 21 жастағы қыз іздестіріліп жатқаны хабарланды.

 

Анастасияның анасы оның 13 қыркүйекте сағат 09:30-да үйден шығып кеткенін айтты. Ол өзімен бірге рюкзак және жеке куәлігі салынған борсетканы ала шыққан.

 

Көп ұзамай келемін деп кеткен ол сол күйі оралмады. Біраз уақыттан кейін телефоны сөндірулі болған. Таныстарының ешқайсы Анастасияның қайда екенін білмейді. Анасының айтуынша, ол жігітімен бірге тұрған.

 

Бойжеткен отбасында ешкіммен жанжалдаспаған. Денсаулығына қатысты ешқандай есепте тұрмайды.

 

 

 




Көрілген: 495    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.09.2021, 15:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31