Оқиға

Оралда газ баллоны жарылып, бірі адам көз жұмды

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Орал қаласындағы жарылыстан зардап шеккен тәжік азаматтарының бірі бүгін көз жұмды.

 

Оқыс оқиға жер үйдің ішкі жөндеу жұмысын жүргізіп жатқанда болып, соның салдарынан үш жұмысшы ауыр жарақат алған. Ал онда мұздап қалған газ баллонын жылыту құрылғысымен жібітпек болған кезде жарылып кеткен.

 

Артынша үй отқа оранған. Қатты күйіп қалған жұмысшылар жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Әсіресе терісінің 100 пайызын күйік шалған 21 жастағы жігіттің хәлі мүшкіл болыпты. Сол күйі тілге келмей көз жұмса, 17 жасар бозбала ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Жарақаты орташа күйген үшіншісі хирургия бөлімінде. Ем қабылдап жатқан қос тәжік азаматының ісі олар жазылған соң сотта қаралуы мүмкін.

 

Береке Жұмағалиев, БҚО ТЖД бас маманы:

 

- Тұрмыста газды пайдалану ережелерін бұза отырып, азаматтар айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Құрметті, тұрмыстық газды қолдану кезінде аса сақ болыңыз!

 

ktk.kz




Көрілген: 243    Пікірлер: 0

сенбі, 01.02.2020, 09:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30