Оқиға

Оралда 17 жастағы қыз электр бағанының басына шығып, секірмек болды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Оралда электр бағанының басына шығып, секірмек болған 17 жастағы қыз құтқарылды, деп хабарлайды   ҚазАқпарат тілшісі.


БҚО полиция департаментінің ресми өкілі, полиция полковнигі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 18 наурыз күні кешкісін орын алды.

 

Сағат 20.10-да Қазақстан мен Исатай батыр көшелерінің қиылысында жоғары вольтты темір бағанның басында жасөспірім қыздың секірмек болып отырғаны жөнінде 102 телефонына қоңырау шалынған.

 

Оқиға орнына полиция және ТЖ департаменті қызметкерлері жетті. Содан кейін сол аудан электр қуатынан ажыратылды. Кейін мектеп директоры да келді.

Сағат 21.45-те құтқарушылар бағанға шығып, қызды аман-есен түсіріп алды.

 

«2002 жылғы Е. есімді жасөспірім кешкі мектепте оқиды. Қараусыздар санатына жататын қыз ювенальды полиция есебінде тұрады. Бірнеше рет үйінен қашып та кеткен. Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.

 

БҚО ТЖ департаменті зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиевтің нақтылауынша, жедел құтқару жасағынан 4 адам, 1 техника барды.

Суицидке жол бермеген жедел құтқару жасағының бас құтқарушы-психологы Нұрмұхан Жұмағалиевті ерекше атап өткен жөн.

 

Құтқарылған қыз жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

 




Көрілген: 472    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.03.2020, 08:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30