Оқиға

Оралда 2 адам мұз астына түсіп кетті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Оралда екі ер адам мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін Желаев кентінде болды.

Сағат 17.30-да «Орыс моншасы» ауданында жасанды су қоймасында конькимен сырғанау кезінде ер адамның мұздың астына түсіп кеткені жөнінде мәлімет түскен. Құтқарушылар (4 адам, 1 техника) сағат 17.49-да жеткенде екі адамның сондай жағдайға тап болғаны анықталды. Олардың екеуі де құтқарылды.

1989 жылғы ер адам конькимен сырғанаймын деп мұздың астына түсіп кетсе, екіншісі, 1967 жылғы азамат оған жәрдем бермек болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, 1989 жылғы ер адам медициналық көмекке жүгінді. Жарақат алмаған. Денесі тоңазыған ол қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да мұздың астына түсіп кеткен екі ер адамның құтқарылғанын жазған болатынбыз.

 




Көрілген: 496    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.11.2019, 21:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31