Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Оралда апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды

16 мамыр 2023, 08:43

Апат Мөңкеұлы шағын ауданының қазандығында болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл қазандық 18 көпқабатты үйге жылу мен ыстық су береді.

 

Апат салдарынан тұрғындар ала жаздай ыстық су көрмеуі мүмкін.

 

Біз апатты "Жайықтеплоэнерго" АҚ күшімен жойдық. Бірақ бұл мәселені шешпейді. 3 қазандықтың жылу желілері апатты деп танылды, оларды жөндеуге 500-600 миллион теңге қажет. Қазір біз жобалық-сметалық құжат жасаймыз. Аптаның соңына дейін оны аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қаражат бөлінеді", - қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев.

 

Қала әкімінің айтуынша, мәселе әу баста шағын ауданды жоспарлау кезінде дұрыс шешілмеген. Құрылысы 2010 жылы басталған кезде дренаждар қарастырылмаған.

 

Жауын-шашын мен қар еріген кезде құбырлар суда қалған, салдарынан құбырларды тот басып, шіріп кеткен. Кесірінен осы қыста 50-ден астам апат болды.

 

Мәселені шешу үшін 2,5 мың метр жылу желілері мен ыстық су құбырларын ауыстыру қажет. Жөндеу жұмыстары 15 қыркүйекке дейін, жылыту маусымы басталардан тек бір ай бұрын ғана аяқталады деп жоспарланып отыр.

 

Оған дейін 18 көппәтерлі үй, яғни 3,5 мың абонент ыстық сусыз қалады.