Оқиға

Оралда автокөлік өзенге құлап, үш бала ажал құшты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Оралда автокөлікпен бірге үш бала суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков мәлім еткеніндей, оқиға бүгін Шаған өзенінде болды.

 

Сағат 16.55-те белгісіз әйел 102 телефонына қоңырау шалып, ішінде үш бала болған автокөліктің өзенге батып кеткенін хабарлаған.

 

Оқиға орнына сол маңда жүрген 3 қызметкерден тұратын полиция тобы дереу жетіп, балаларды құтқармақ болып суға секірген. Өкінішке қарай, 9, 7 және 6 жастағы балаларды құтқару мүмкін болмады. Екеуі бір үйдің балалары.

 

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Б.Белгібеков аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігіне (кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын жеткізді.

 

Балалар ересектермен бірге табиғат аясында демалуға келген.

 

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің нақтылауынша, оқиға қалаға жақын орналасқан Бәйтерек ауданы Достық ауылы тұсында болған.

Балалар қараусыз қалғаны анықталды.

 

Оқиға орнында жедел құтқару жасағының қызметкерлері де жұмыс істеді.




Көрілген: 370    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.10.2020, 13:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қараша, 08:44
    Иесін іздеген ит

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30