Оралда әйел адам сауда орталығында жарақат алды. Оның аяғы эскалаторда қысылып қалған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Оrda.kz тілшісі "Мой город"-қа сілтеме жасап жазды.
Оқиға 25 желтоқсанда сауда орталығында болды.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, сағат 10:03-те шақырту түсті.
– 1982 жылы туған, оң жақ жіліншігінің үштен бір бөлігі жараланып зардап шеккен әйел облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Оның аяғы эскалаторда қысылып қалған, – деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Полицияда ақпаратты растады.
– Анықталған ақпарат бойынша, оқиға науқастың абайсыздығынан болған. Қазіргі уақытта полицейлер не болғанын тексеруде, – деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сауда орталығының әкімшілігі бұл туралы пікір білдірмеді.