Оқиға

Оралда бір күнде екі сауда үйінде өрт шықты

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Оралда бір күнде екі сауда үйінде өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 15 маусым күні сағат 18.12-де Құрманғазы көшесі, 152-мекенжайында 9 қабатты үйде орналасқан «Школьник» сауда үйінде болды.

 

Сауда үйінің бірінші қабатындағы қосалқы ғимаратта электр қалқандағы кабельдер (3 шаршы метр) жанды.

 

Баспалдақ сатысымен 24 адам эвакуацияланды, оның төртеуі – балалар. Зардап шеккендер жоқ.

 

Тілсіз жау ТЖ департаментінің күшімен (35 адам, 11 техника) сағат 19.00-де толықтай жойылды.

 

 

Тағы бір осындай оқиға Д.Нұрпейісова көшесі 17/1-мекенжайында орналасқан 2 қабатты «Атриум» сауда үйінде (жалпы ауданы 9358,9 шаршы метр) тіркелді.

 

Екінші қабатта сағат 15.06-да электр қалқаны мен кабельдер (мұның да аумағы 3 шаршы метр) өртенді.

 

Сауда үйінің қызметкерлері мен келушілер өздері шығып үлгерген.

 

Өрт ТЖ департаментінің күшімен (59 қызметкер, 19 техника) сағат 16.07-де сөндірілді.

 

Қазіргі кезде өрттердің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде.

 

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда полицейлер аударылған автокөліктен үш адамды шығарып үлгергенін , автокөліктін мотоциклмен жүрген екі жасөспірімді қағып кеткенін жазған болатынбыз.




Көрілген: 235    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 22:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31