Оқиға

Оралда бұрынғы жұбайын ұрып-соққан деп айыпталған экс-полицей енді келіншекті сотқа берді

  • © uralskweek.kz

    © uralskweek.kz

Оралда бірнеше жыл бойы бұрынғы әйелі Әсел Алқанованы ұрып-соққан деп айыпталған экс-полиция қызметкері енді келіншекті сотқа берген. Хайдар Жексенов одан 1 миллион теңге талап етіп отыр деп хабарлайды "Уральская неделя".

 

Басылым тараптардың сотқа қатысқанын атап өтті.

 

Арыз беруші Жексенов соттан БАҚ пен оның бұрынғы әйеліне қатысты материалды (Әсел Алқанова бұрынғы күйеуінің алты жыл бойы ұрғанын басылымға айтқан ред.) жариялаған авторды жауапкершілікке тартуды сұрап отыр.

 

Алайда басылым сотқа дейін Хайдар Жексеновтен және оның өкілінен ешқандай шағым түспегенін атап өтті.

 

"Демек, дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібі сақталмады", - деп жазады "Уральская неделя".

 

Арызданушы өз сөзінде соттан ұрып-соғу фактісін шындыққа сәйкес келмейді деп тануды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарына ақпаратты теріске шығаруды міндеттеуді талап еткен.

 

Ал мақала жарияланған басылымның бас редакторы керісінше басылымға қатысты талаптарды қараусыз қалдыруды талап еткен.

 

Сот оның өтінішін қанағаттандырып, тиісті ұйғарым шығарды.

 

Әсел Алқанованың аразы бойынша іс жалғасып жатыр. Ол бұрынғы күйеуінен моральдық өтемақы ретінде 1 млн теңге өңдіріп алмақ ниетте.

 

Еске салсақ, өткен жылы "Немолчи" қорының жетекшісі Дина Тәңсәрі күйеуінің тарапынан жәбір көрген Әсел Алқанова туралы айтқан еді.

 

Оның сөзінше, құқық қорғау саласында қызмет істейтін күйеуі 2019 жылдың күз мезгілінде үйіне келіп, үш жасар қызының көзінше Алқанованы аяусыз сабаған. Осыдан кейін ол көршісінің үйіне барып тығылған. Сол жерден полиция мен жедел жәрдем қызметін шақырып, ауруханаға жеткізілген.

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 895    Пікірлер: 0

сенбі, 20.02.2021, 10:04

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30