Оқиға

Оралда ер адам үйлену тойынан кейін бесінші қабаттан секірмек болды бесінші

  • Оралда ер адам үйлену тойынан кейін бесінші қабаттан секірмек болды бесінші

    Оралда ер адам үйлену тойынан кейін бесінші қабаттан секірмек болды бесінші

19 қаңтар күні 20 жастағы ер адам таңғы 4-те Просторная, 4 көшемінде орналасқан үйдің төбесінен шығып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Орал қалалық полиция бөлімінің БПП взводының командирі Мұхит Әбілқайыровтың айтуынша, сағат 4.27-де «102» нөміріне қоңырау түскен. Ол бес қабатты үйдің төбесіне шығып алған ер адамның жерке секірмекші болып қорқытқаны туралы хабарлаған.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жеткен.

«Оқиға орнына келген біз бес қабатты үйдің төбесінде «Анамды шақырыңдаршы, мен оны жақсы көремін. Қоштасқым келеді» деп айғайлаған ер адамды көрдік. Мен құтқарушыларды шақырдым. Содан кейін мен және ауысымда бізбен бірге болған шұғыл әрекет көрсету тобының қызметкері төбеге көтерілдік. Мен мұндай жағдайды бірінші рет кездестіріп тұрған жоқпын. Сондықтан мен онымен сөйлесе бастадым. Әңгімелесе келе оның 18 қаңтарда үйленгенін және әйелімен ұрысып, өзін-өзі өлтіруге бел буғанын біле алдым. Әңгімемізден кейін ол мені құрметтейтінін және қолымды алғысы келетінін айтты. Сол кезде оны өзіме қарай тарттым, ал мені шұғыл әрекет көрсету тобының қызметкері ұстады», - деді Мұхит.

Осыдан кейін оқиға орнына Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келді.

Ер адам полицейлерге әйелімен болған жанжалдан кейін ештеңе ойламағанын, сол себептен де өмірімен қоштасқысы келгенін айтты. Ол өз өмірін сақтап қалғаны үшін полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.




Көрілген: 196    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.01.2020, 21:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29