Оқиға

Оралда жартылай жалаңаш ер адам үй мен құбыр арасында кептеліп қалды – фото

  • Оралда жартылай жалаңаш ер адам үй мен құбыр арасында кептеліп қалды – фото

    Оралда жартылай жалаңаш ер адам үй мен құбыр арасында кептеліп қалды – фото

Ер адам көп қабатты тұрғын үйдің бірінші және екінші қабаттары арасында кептеліп қалды. Не себепті ол жерге көтерілгені әзірше белгісіз

Оралдық құтқарушылар көпқабатты тұрғын үй мен газ құбырының арасында кептеліп қалған мас ер адамға көмектесті.

Өңірлік "Мой город" порталының ақпараты бойынша оқыс жағдай 23 шілдеде таңертең жергілікті Зачаганск аулында болған. Оқиға орнына құтқарушылар жетті.

"Көп қабатты тұрғын үй мен газ құбырының ортасында, бірінші және екінші қабаттың арасында ер адам қысылып қалғаны туралы хабарлама таңғы сағат 06:13-те келіп түсті", - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінде. 

Құтқарушылар жарты сағатқа жетер-жетпес уақыт ішінде мас ер адамды шығарып алды. Ал өңірлік полиция осы жағдайға қатысты қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты.

sputnik.kz




Көрілген: 1093    Пікірлер: 0

жұма, 23.07.2021, 23:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30