Оқиға

Оралда жол-көлік апатынан 8 адам зардап шекті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Оралда екі автокөлік түйісіп, 8 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 3 қазан күні кешкісін Деркөл ауылында болды.

 

Жедел жәрдем сағат 20.06-да шақырылды.

 

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты салдарынан жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған бір жасар бала әжесімен бірге облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.

 

Сондай-ақ тағы 6 адам жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. 35 жастағы ер адамның оған қоса жамбасы сынған. 43 жастағы ер адам омыртқа тұсынан сынық жарақатын алған. 27 жастағы ер адамның сол жақ иығы сынған.

 

Мас күйінде болған 30 және 31 жастағы ер адамдар бетінен, басқа да жерлерінен жарақат алған. 31 жастағы әйел адам мойын тұсынан сынық жарақатын алған.

 

Ашық бас-ми жарақатын алған 30 жастағы ер адамның миына зақым келген.

 

Ересек адамдардың барлығы қалалық көпбейінді аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жеткізілді.

 

БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің нақтылауынша, оқиға Деркөл-Өскен тас жолы бойында орын алды. ВАЗ-2114 және «Лада Приора» автокөліктері соқтығысты.

 

Қазіргі кезде осы оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.




Көрілген: 608    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.10.2020, 09:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қараша, 08:44
    Иесін іздеген ит

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30