Оқиға

Оралда жол талғамайтын авто жедел жәрдем көлігін бүйірден соғып, аударып тастады

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Оралда жүкті келіншекті ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда,оқиға бүгін шамамен сағат 13.47-де болды.

 

С.Тюленин мен М.Шолохов көшелерінің қиылысында жедел жәрдем көлігі мен Toyota Aiphard түйіскен.

 

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасады.

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, Бәйтерек ауданы Дариян ауруханасының санитарлық көлігі екіқабат әйелді кардиологтан кеңес алу үшін облыстық кардиологиялық орталыққа апара жатқан.

 

 

 

Көлікте аурухана медбикесі де болған. Арнайы көлік жарық беру белгілерімен келе жатса да, көліктердің бірі оны өткібей, сол жағынан түйген. Салдарынан жедел жәрдем көлігі бір бүйіріне аударылып қалды.

 

Оқиға орнына жеткен басқа жедел жәрдем көлігі жүкті келіншекті облыстық перинаталдық орталыққа жеткізді. Тексеру кезінде оның және 35-36 апта болған шарананың зардап шекпегені анықталды. Дегенмен одан әрі бақылау үшін әйел орталыққа жатқызылды.

 

 

Жүргізуші зардап шекпеген. Медбикенің аздап денесі көгерген.

 

Полиция департаментінің хабарлауынша, сол мерзімде Абай даңғылында тағы бір жол-көлік оқиғасы болған. Volkswagen Golf автокөлігінің жүргізушісі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпестен, белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан 1952 жылғы ер адамды қағып кеткен.

 

Денсаулық сақтау басқармасы жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған ер адамның қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенін айтты.

 

 




Көрілген: 789    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.05.2021, 17:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31