Оралда жүргізуші екі жүк көлігінің арасына қыстырылып қалып мерт болды

18 қараша 2020, 13:04

Оралда екі жүк көлігінің арасына қыстырылып қалған жүргізуші мерт болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

 

БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәліметінше, оқиға 18 қараша күні сағат 01:00 шамасында «Құс фабрикасы» шағын ауданындағы «Алатау» кемпингі тұсында болды.

 

Түркістан облысының 34 жастағы тумасы өзінің жүк көлігінің артқы шамдарын сүртіп жатқан кезде көлік жылжып кеткен. Сөйтіп оны келесі жүк көлігіне қысып тастаған.

 

Қазіргі уақытта бұл дерек оқыс жағдай ретінде тіркеліп отыр.

 

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 01:00-де шақырылды. Ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.