Оқиға

Оралда қоқыс жәшігінің маңынан нәресте табылды

  • http://www.matritca.kz

    http://www.matritca.kz

Оралда қоқыс контейнерінің жанынан өлі табылған нәрестенің анасы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 6 қазан күні таңертең Құрманғазы көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында қоқыс контейнерінің жанынан қара түсті сөмке табылған. Оның ішіндегі целлофан пакетте жаңа туған шақалақтың өлі денесі болған. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.


Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Орал қаласының 1988 жылғы тұрғынын анықтап, ұстады. Оқиға орнынан сөмке, жамылғы, 2 пакет, 2 есік кілті, домофон кілті табылды.


Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 100-бабына сәйкес (жаңа туған баланы анасының өлтіруі) тергеу амалдары жүргізілуде.


Анықталғандай, әйелдің бұдан басқа төрт баласы бар. Шақалақтың қалай өлгені сараптама қорытындысына сәйкес анықталатын болады.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда қоқыс контейнерінен шақалақтың мүрдесі табылғанын жазған болатынбыз.




 




Көрілген: 505    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.10.2019, 15:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31