Оқиға

Оралда көпірден секіріп кеткен әйелді полицейлер құтқарып қалды (фото)

  • Фото: Медет Медресов/Мой ГОРОД

    Фото: Медет Медресов/Мой ГОРОД

Оралда әйел көпірден көлге секіріп кетті. Полиция қызметкерлері оны судан шығарып, аман алып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Оқиға 12 наурыз күні Шаған көлінде Дерқұл ауылына апарар жолдағы көпірде орын алған.

 

Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі басшысының орынбасары Нұрбол Мендыхановтың айтуынша, кезекші бөлімге кешкі сағат 9-ға жуық қоңырау соғылып, әйелдің суға секіріп кеткені хабарланды деп жазады "Мой ГОРОД".

 

 

Оқиға орнына бірден құқық қорғау органдары жіберілді. Оқиғаға жақын орналасқан үйлердің бірінде қайық болды. Оның көмегімен полицейлер жәбірленушіның жанына барып, оны жағаға жеткізді. Содан кейін келіншекті медициналық қызметкерлері ауруханаға жеткізді.

 

Әйелдің жасы шамамен 30-35-те. Алдын ала болжам бойынша, орын алған оқиғаның салдарынан келіншек бас сүйек-ми жарақатын алған. Қазіргі таңда науқас медициналық мекемеде бақылануда.

 

Тәртіп сақшылары оның неліктен мұндай қадамға барғанын анықтауда.
 




Көрілген: 449    Пікірлер: 0

жұма, 13.03.2020, 14:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30