Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Оралда ойын алаңында тағы бір бала саусағынан айырылды

02 тамыз 2022, 17:31

Оралда ойын алаңында тағы бір баланың саусағы кесіліп кетті. Бұл жолы оқиға Қонаев шағын ауданындағы балалар алаңында болды. Бұл туралы sputnik.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

13 жастағы Диас Қайырғожиннің анасы журналистерге 1- үйдің ауласындағы балалар алаңында баласы ортанғы саусағын жарақаттап, шынашағының бөлігін кесіп алғанын айтты.

 

Диас 25 шілде күні түскі уақытта туыстарына қонаққа барып, басқа балалармен бірге алаңға ойнауға шыққан. Бірақ он минуттан кейін жарақат алып, үйге жүгіріп келген. Жақындары жедел жәрдем шақырған, бірақ оны күтпей өз көліктерімен ауруханаға жеткізген.

 

"Жақын жердегі қалалық ауруханаға апардық. Ол жерде оның жарақатын таңып, бізді көпсалалы балалар ауруханасын жіберді. Балалар ауруханасында қажеттінің барлығын жасады. Жараны өңдеп, етке салбырап тұрған саусағын тігіп берді. Бұл бала үшін соққы. Біз басында ешқайда шақымданбадық. Бірақ қанша уақыт өтсе де, әткеншектер сол қалпы тұр. Оны ешкім орнынан алып тастамаған. Әр балаға оның қауіпті екенін түсіндіріп бітпейсің ғой", – дейді зардап шеккен баланың туыстары.

 

Дәрігерлер саусақтың бітіп кетуі үшін бар көмекті көрсетіп жатыр. Алайда ешқандай болжам жасай алмайды.

 

Еске салсақ, осыған ұқсас жағдай 27 шілде күні балалар алаңында болды. Онда тура осындай жаттығу құралында 13 жастағы жасөспірім екі саусағының бөлігінен айырылды.

 

Бұған қоса, 11 жастағы Нұрәмір Есенәлиевтің үстіне футбол қақпасы құлады. Бала ауруханада қайтыс болды.

 

Орал әкімдігі қаладағы барлық балалар және спорт алаңдарын тексеруге кіріспек. Содан кейін анықталған барлық олқылықты жоюды жоспарлап отыр.