Оралда перзентхана қызметкері лифт шахтасында қаза тапты

31 желтоқсан 2021, 17:14

Оралдағы перзентхананың елу жастағы қызметкері жүк лифтісінің шахтасына құлап кетті, деп хабарлады "Мой город" порталы.

 

Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті қайғылы оқиға 31 желтоқсанда облыстық перинаталдық орталықта болғанын хабарлады.

 

1971 жылы туған вахтер жүк лифтінің шахтасына құлап кетіп, кабина қысып қалған. Әйел оқиға орнында көз жұмды.

 

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

 

 

 

sputnik.kz