Оралда пластикалық орындыққа 6 айлық баланың басы қыстырылып қалды

16 қаңтар 2022, 21:05

Оралда пластикалық орындыққа 6 айлық баланың басы қыстырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 16 қаңтар күні «Бәйтерек» шағынауданында болды.

 

Сағат 13.06-да Үркер көшесіндегі үйде пластикалық орындыққа кішкентай қыздың басы қыстырылып қалғаны жөнінде хабар түскен.

 

Шұғыл жеткен құтқарушылардың жедел іс-әрекеті нәтижесінде 6 айлық қыз бала құтқарылды.

 

БҚО ТЖ департаменті балаларды қараусыз қалдырмау керектігін еске салады.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да боранға байланысты республикалық жол жабылғанын жазған болатынбыз.