Оқиға

Оралда пойыз басып кеткен әйелдің денесі табылды

  • Оралда пойыз басып кеткен әйелдің денесі табылды

    Оралда пойыз басып кеткен әйелдің денесі табылды

Оралдағы теміржол өткелінде қайғылы оқиға болды. Бір әйелді пойыз басып кетті, деп хабарлады «Мой Город» басылымы.

Оқиға Желаев тасжолы аумағында түскі уақытта болған. Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем диспетчеріне қоңырау 22 қыркүйек күні сағат 13.15-те түскенін хабарлады. Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері белгісіз әйелдің мәйітін тауып алған. Олар марқұмның жасы шамамен 50-де болғанын айтады.

Дәрігерлер зардап шегушінің аяқ-қолы кесіліп қалғанын жеткізді. Оқиғаға Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі де түсініктеме берді. Олар қылмыстық заңнамаға сәйкес, пойыз қағу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Қалған ақпарат Қазақстан Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

BAQ.KZ




Көрілген: 332    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.09.2020, 08:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31