Оралда сауда орталығындағы эскалаторда сәби анасының қолынан түсіп кетті

14 наурыз 2022, 19:00

Оралда сауда орталығындағы эскалаторда тоғыз айлық сәби анасының қолынан құлап кеткен. Бала көпбейінді ауруханаға ауыр халде түсті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі kaz.orda.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 13 наурызда «Asia Mall» сауда ойын-сауық орталығында болған. Мой город басылымы бала бірінші қабаттан екінші қабатқа көтеріліп бара жатқан кезде анасының қолынан абайсызда түсіп кеткенін хабарлады.

 

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі полицейлер бұл факті бойынша тексеруді бастағанын хабарлайды. Кішкентай қызға жабық бассүйек-ми жарақаты, миы шайқалған, көп мөлшерде қан кету диагнозы қойылған.

 

<iframe width="500" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/a9wrz-N9rRk" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

 

Еске салсақ, осыған ұқсас жағдай 2017 жылы Алматының «Март» сауда орталығында орын алған. Ол кезде екі жасар бала үшінші қабаттан құлап кеткен. Салдарынан баланың жамбасы сынып, оған ота жасалған.