Оқиға

Оралда төбелескен полицейлер жұмыстан қуылды (видео)

  • Видеодан скриншот

    Видеодан скриншот

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы полицейлердің төбелесі жайлы видео желіде жарияланғаннан кейін тергеу жүргізді.


"Төбелескендердің екеуі полиция қызметкері екені анықталды. Тексеріс барысында екі қызметкер арасында жеке бас араздығына байланысты жанжал шыққаны белгілі болды", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Төбелесті куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алып, видеоны мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таратқан, деп хабарлады "Мой ГОРОД" порталы.


Видеороликте (mgorod.kz/nitem/policejskij-napal-na-kollegu-v-uralske-video/ ) азаматтық киімдегі белгісіз екі адам автокөлікте отырған полицейге жұдырық ала жүгіреді.


Департаменттің тәртіптік комиссиясынан кейін полицейлерді полиция қызметкерінің беделін түсіргені үшін жұмыстан шығаруға шешім қабылданды, деп түсіндірді баспасөз қызметі.


 




Көрілген: 1502    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.06.2019, 09:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30