Оқиға

Оралда із-түссіз кеткен 28 жастағы қыз екі күннен бері іздестірілуде

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Оралда жоғалып кеткен 28 жастағы қыз екі күннен бері іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Әлеуметтік желі қолданушысы Руслан Батыров әлеуметтік желідегі парақшасында досының қарындасы, 1991 жылғы Әйгерім Баркенқызы Шаркөбенова-Ұзақованың жоғалып кеткенін, көмек керектігін хабарлады.


Әйгерім 27 қыркүйек күні таңертең Орал қаласы Гагарин көшесіндегі 2/2-үйден белгісіз жаққа шығып кеткеннен оралмаған. Үстіне қара плащ, джинсы және қызғылт спорттық күрте киген, аяғында қара етігі бар, көзілдірік тағады.


Өзімен бірге қара сөмкесі мен ұялы телефонын ала кеткен, аздаған ақшасы бар. Басқа қаржысы мен төлқұжатын үйде қалдырған.


Бұрын мұндай жағдайға тап болмаған, Ресей азаматына тұрмысқа шыққан Әйгерім ауылдан оқуға келген.


Байланыс телефондары: 8-777-184-04-90, 8-701-666-29-01, 8-701-624-68-76.


Сондай-ақ көрген жандар болса, 8-771-905-75-27 немесе 102 телефонына хабарласуға болады.


Із-түзсіз кеткендерді іздестіру жөніндегі волонтерлік қозғалыстың Орал және Атбасар қалалары бойынша үйлестірушісі Седа Колаева Әйгерімнің жоғалғаны жөнінде полицияға хабар берілгенін жеткізді.


Әйгерімді тума-туысқандарының өтінішімен еріктілер де іздестіруде.


 




Көрілген: 1103    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.09.2019, 10:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31