Оралда із-түзсіз жоғалған әйелдің бас сүйегі мен мүрде қалдықтары орманнан табылды

26 қазан 2021, 00:14

Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен әйелдің мүрдесі орманнан табылды, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспсөз қызметі.

 

58 жастағы Дина Станько биылғы 24 тамызда шамамен сағат 17.00-де үйінен шығып кеткеннен үйіне оралмаған.

 

Оны іздестіруге қалалық полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Оралдағы бейнебақылау камералары қаралып, тұрғындарға сұрау салынды.

 

Куәгерлердің сөзінен әйелдің Желаев кенті жаққа кеткені белгілі болды. Ол маң да қаралды.

 

Дүкен қызметкері, 1967 жылғы тұрғын Желаев кенті ауданындағы орманнан саңырауқұлақ жинап жүрген кезінде әйелдің бас сүйегі мен мүрде қалдықтарын тауып алған.

 

Полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, сүйек қалдықтары сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысына сәйкес өлімнің себебі анықталады.

 

Марқұмның туыстары оқиға болған жерден әйелдің киімдерін таныды. Сонымен қатар әйелдің сіңлісі мен оның тістерін емдеген стоматологтармен бірге тістері алынып, зерделенді. Сол кезде жоғалған әйел мен табылған мүрденің тістері бірдей болып шықты.

 

 

 

aikyn.kz