Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Оралда із-түзсіз жоғалған жас жігіттің мәйіті орманнан табылды

27 желтоқсан 2022, 16:40

Оралда жоғалып кеткен 21 жастағы жігіттің мәйіті табылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аikyn.kz-ке сілтеме жасап.

БҚО Полиция департаментінің мәлім еткеніндей, марқұмның мүрдесі 25 желтоқсан күні сағат 10:30-да Деркөл кентіндегі орманнан асулы күйінде табылды.

 

«21 жастағы жігітке 24 желтоқсан күні іздеу салынған болатын. Ол 21 желтоқсан күні сағат 22:00-де Деркөл кентіндегі үйінен шығып кеткеннен оралмаған еді. Мүрде сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабына (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген ресми мәліметте.