Оқиға

Ордабасы ауданында қатты дауыл үйлердің шатырын ұшырып, ағаштарды құлатты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында қатты дауыл тұрып, үйлер мен қоралардың шатырын ұшырып кеткен. Аққойлы ауылында табиғи апаттан 17 үйге шығын келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ауыл тұрғындар болса 2 мамыр күні түсте аспанда бұлт үйіріліп, алып құйын пайда болғанын айтады. Артынша дауыл тұрып, бар болғаны 5-10 минут аралығында жан-жақты қиратып кеткен.

 

Тіпті желдің екпіні қатты болғаны соншалық, ағаштар тамырымен опырылып құлаған. Электр бағаналары құлап, сымдары үзілген.

 

Жергілікті халық табиғаттың тосын мінезінен қатты қорқып, бас сауғалап кеткен. 60 отбасы тұратын аядай ғана ауылда 17 үйдің шатыры қирап, тұрғындар шығынға батқан. Олар бұл көрністі ұялы телефондарына түсіріп, әлеуметтік желілерге таратқан.

 

Ал, облыстық ТЖД мамандары желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жеткен деп отыр.

 

«ТЖД басқару пультіне шамамен 15:00-де Аққойлы елдімекенінде қатты жел салдарынан 17 үйің шатырын ұшырып әкеткені туралы хабарлама келіп түсті. 420 тұрғыны бар ауылда 3 электр бағанасы құлап, жергілікті халық жарықсыз қалған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Қазіргі таңда «Оңтүстік жарық» ЖШС қалпына келтіру мен жарық беру жұмыстарын жүргізуде» делінген хабарламада.

 

Сондай-ақ, қазіргі таңда аталған ауданда осы оқиғаға байланысты арнайы штаб құрылған. Онда комиссия мүшелері табиғи апатттан келтірілген шығын көлемін есептеуде.


 




Көрілген: 366    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.05.2020, 01:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31