Оқиға

Орманда өмір сүрген: Ақмола облысында жоғалған ер адам табылды

  • Орманда өмір сүрген: Ақмола облысында жоғалған ер адам табылды

    Орманда өмір сүрген: Ақмола облысында жоғалған ер адам табылды

Ақмола облысының полицейлері із-түзсіз кеткен үш облыс тұрғынын тапты. Олардың бірі біраз уақыт орманда өмір сүрген, деп хабарлады Polisia.kz.

54 жастағы Бурабай ауданының тұрғынын полиция Жасыл және Шиелі ауылдары ортасындағы орман алқабынан тапты.

"Туыстарының айтуынша, ер адам есін толық білмейтін. Іздеу барысында полиция жоғалған тұрғынның баруы мүмкін барлық елді мекен мен жерді тексерді", - дейді полициядағылар.

Нәтижесінде ол орманнан табылды. Ол осы күнге дейін жидек жеп, өзеннің суын ішіп жан сақтаған.

Сонымен қатар полиция 14 жастағы Көкшетау тұрғынын іздеп тапты. Жасөспірім ата-анасына айтпай туыстарының үйіне кетіп қалған. Ол сол жаққа бара жатқан жолда табылды.  

Полиция сондай-ақ 34 жастағы Зеренді ауданының тұрғыны мен 4 жастағы қызды іздеп тапты. Олардың жоғалғаны туралы арызды 26 қыркүйек күні  әйелдің күйеуі түсірген болатын.

sputnik.kz




Көрілген: 1625    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.10.2021, 19:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31