Оқиға

Өрттен қаза болған бес баланың отбасы туралы деректер анықталды

  • © Sputnik / Сергей Ким

    © Sputnik / Сергей Ким

Дүйсенбіге қараған түні Астанада қайғылы оқиға болды. Жекеменшік үйлердің бірінде шыққан жантүршігерлік өрт салдарынан бір отбасының 5 баласы көз жұмған.


Қаза тапқан балалардың анасы пластикалық карталар шығаратын зауытта істейді, ал әкесі, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметіне сәйкес, техникалық қызмет көрсету станциясының жұмысшысы.


Отбасы тұрмысы нашар тұрғындар арасында тіркелмеген – жергілікті атқару органдарынан ешқашан көмек сұрамапты, баспана кезегінде де жоқ. Бірақ көпбалалы отбасы ретінде жәрдемақы алып отырған.


Астанада тұрып жатқандарына 10 жылдың жүзі болыпты.


Қаза тапқан балалардың бәрі – қыздар. 2006 және 2009 жылы туған екі қыз елордалық мектептердің бірінде төртінші және алтыншы сыныпта оқыған.


Астанадағы бес баланың қазасы: Сұлтанов шұғыл жиын өткізді

Бес жасар қыз мемлекеттік балабақшаға барады. Ал 2016 жылғы сәби балабақша кезегіне тіркелген.


Отбасының кенжесі – 2018 жылы туған сәби небәрі үш айлық екен.


Мектеп тарапынан отбасыға мемлекеттік көмек аясында қолдау көрсетіліпті. Мұғалімдердің айтуынша, қаза тапқан балалар сабақтан қалмайтын, тәртіптері жақсы, жайдары қыздар болған.


Жеке тұрғын үй аумағында орналасқан "времянкада" шыққан өрттің себебі әлі анықталған жоқ.


Естеріңізге сала кетсек, 4 ақпанға қараған түні Көктал-1 тұрғын үй массивінде жойқын өрт болды. Төтенше оқиға салдарынан бір отбасының бес баласы қаза тапқан. Өрт кезінде ата-анасы жұмыста болыпты.


 Sputnik




Көрілген: 1050    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.02.2019, 17:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30