Оқиға

Өскеменде болған төбелестің видеосы жарияланды

  • © CC0 / Sergggio

    © CC0 / Sergggio

Өскемен қаласында бір топ жігіт ер адамды ұрып кетті. Көрші үйдің тұрғындары болған жайтты видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Видеодан бір топ жігіт біреуді қуып бара жатқанын көруге болады. Сосын үйдің бұрышында ұстап, соққыға жығады. Ал көлік иелері сигнал беріп, тоқтатуға тырысқан. Бір кезде бәрі бытырап қашады. 

 

 

"Кәдімгідей битамен ұрып жатыр. Масқара! Бір топ жігіт жабылып кетті", - дейді видео авторы.

 

Ал видеоның анықтамасында жанжалдасқандар атысып, пышақтасқаны да жазылған. Оқиға Алматы көшесіндегі 58-ші үйдің жанында болды.

 

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті бұл оқиғаның 14 маусым күні шұғыл басқару орталығының бейнекамераларына жазылғанын хабарлады.

 

"Оқиға орнына патрульдік жасақ жіберілді. Аудандық полиция бөліміне бірнеше адам жеткізілді. Тергеу шаралары басталып кетті. Ұсталғандарға қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр", - дейді полицейлер.

 

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары қолға алынды. Оған сәйкес, 3-7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

 

 




Көрілген: 367    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 19:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31