Өскеменде екі жүк көлігі мен бір жеңіл машина жанып кетті

18 ақпан 2022, 20:44

Өскеменде үлкен қойма отқа оранды. Тілсіз жау нысанның ішінде тұрған үш автокөлікті күлге айналдырған.

 

Ірі кәсіпорынның қоймасында қызыл жалын таң сәріде тұтанған.  Артынша өрт күш алып ырық бермепті.

 

Соның салдарынан қойма ішіндегі екі жүк көлігі мен бір жеңіл машина жанып кетті.

 

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтау үшін екі жарым сағат арпалысты. Нәтижесінде жапсарлас тұрған жұмыртқа мен құрлыс заттарына толы қос қойма аман қалды.

 

 

 

ktk.kz