Өскеменде екі мұғалім кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түспек болды

05 тамыз 2022, 20:18

Өскемен қаласындағы мектепте кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түспек болған екі мұғалім жұмыстан қуылды. Бұл туралы Аdyrna.kz тілшісі ШҚО Полиция департаментіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Әлеуметтік желілерде қаладағы №30 мектеп аумағында екі ер адамның кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түспек болған видеосы тарады.

 

Олар сол білім ордасының қызметкері болып шықты. Екеуі де мас күйде болған.

 

Ал жасөспірім қыздың кім екені әзірге белгісіз.

 

«Екі мұғалім мен мектеп күзетшісі қызметінен босатылды. Бейнебақылау камерасының жазбасынан зорлық-зомбылық фактілері байқалмаған. Енді қала мектептеріндегі бақылауды күшейтеміз», – деді Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагөзова.

 

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, олар жыныстық қатынасқа түсіп үлгермеген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ер адамдар ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.