Өскеменде жоғалған 32 жастағы ер адамның мәйіті табылды

11 наурыз 2022, 17:27

Өскемен қаласында жоғалып кеткен 32 жастағы ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Диас Қапезов 9 наурызда із-түссіз жоғалды.

 

Ер адам 23-ші шағын аудандағы үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. Бүгін таңғы уақытта оның мәйіті табылды.

 

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

«ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

 

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде 32 жастағы ер адамның іздестіріліп жатқаны хабарланған еді.