Оқиға

Өскеменде көлік тұрғын үйге соғылып, екі адам зардап шекті

  • Өскеменде көлік тұрғын үйге соғылып, екі адам зардап шекті

    Өскеменде көлік тұрғын үйге соғылып, екі адам зардап шекті

Өскемен қаласында автокөлік тұрғын үйге соғылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 9 қазан күні сағат 00.10-да жеңіл көліктің 19 жастағы жүргізушісі көпірден түсіп бара жатқан кезде метеорологиялық жағдайды ескермегендіктен машина сырғанап кеткен.

«Рульді басқара алмай қалған жүргізуші жолдан шығып кеткен күйі Назарбаев даңғылының бойындағы тұрғын үйге соғылған. Жарақат алған 16 жастағы жолаушы мен 19 жастағы жүргізуші қалалық ауруханаға жүгінді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жол апаты салдарынан көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан сұлулық салонының иесіне материалдық шығын келтірілген. Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 610-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.




Көрілген: 548    Пікірлер: 0

жұма, 09.10.2020, 14:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қараша, 08:44
    Иесін іздеген ит

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30