Оқиға

Өскеменде көліктен жарты миллион теңге ұрлаған оқушы камераға түсіп қалды

  • Өскеменде көліктен жарты миллион теңге ұрлаған оқушы камераға түсіп қалды

    Өскеменде көліктен жарты миллион теңге ұрлаған оқушы камераға түсіп қалды

Өскемен қаласында көліктен жарты млн теңге жымқырып кеткен мектеп оқушысы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына 29 жастағы азамат хабарласқан. Өз сөзінде ол үйінің ауласында есігі ашық тұрған «ВАЗ» көлігінің салонынан белгісіз біреудің 510 000 теңгесін ұрлап кеткенін жеткізді. 

«Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қылмыскердің саусақ іздерін алған. Сондай-ақ ұрлық жасалған сәт «Сергек» камерасына түсіп қалған. Полицейлер күдіктіні тапты. 15 жастағы мектеп оқушысының бұған дейін де бірнеше рет ұрлық жасағаны және қыркүйектен бастап қалалық Полиция басқармасында есепте тұрғаны анықталды», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Жасөспірім әжесімен бірге тұрады. Ал анасының түрмеде жазасын өтеп жатқаны белгілі болды. Қазіргі уақытта оқушы ШҚО білім басқармасының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. 

Жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қаралады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағына (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
 ҚазАқпарат. 




Көрілген: 564    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.12.2021, 22:12

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31