Оқиға 24 ақпан күні Өскемен қаласында кешкі уақытта болды деп хабарлайды altaynews.kz.
Жарылыс болған сәтте түсірілген видеолар әлеуметтік желіге тарап кетті.
Видеодан жарылыстың дыбысы анық естіледі.
https://www.facebook.com/100002548971608/videos/5237287782972434/
"Төтенше жағдай Қазыбек би көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйдің маңында құрылыс алаңында болды. Отпен жұмыс кезінде жұмыстары жүргізіліп, газ-ауа қоспасы жарылды. Оқиға орнына жеткен Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті ауыздықтады", — деп мәлімедме жасады облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Жарылыс кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Алдағы уақытта тиісті органдар оқиғаның анық-қанығын анықтайды