Оқиға

Өскеменде сүйіктісімен сөзге келіп қалған жігіт көпірден секіріп кеткен

  • Өскеменде сүйіктісімен сөзге келіп қалған жігіт көпірден секіріп кеткен

    Өскеменде сүйіктісімен сөзге келіп қалған жігіт көпірден секіріп кеткен

1 қазанда, сағат 22:50 шамасында, Өскемен қаласының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Ульбинский көпірінде ер адамның секірмек болып тұрғаны туралы хабар келіп түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Экпресс К" сайтына сілтеме жасап.

Жігіт полицейлердің тоқтату сөздеріне құлақ аспай, көпірден секіріп кеткен.
Сол уақытта тәртіп сақшыларының бірі жігіттің артынан суға секіріп, қатты ағыс алып бара жатқан адамды аман алып шыққан.

Ер адамды көтеріп жағаға алып шығады. Оларды көмекке келген әріптестері күтіп алады. Жігітті судан алып шыққан полицейлер оны патрульдік көлікке апарып, онда олар алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Медицина қызметкерлері 23 жастағы азаматты ауруханаға жеткізген.

"Менің сөздеріме құлақ асқан жоқ, бір уақытта жігіт көпірден секіріп кетті. Мен бірден оның артынан суға түстім, ал менің әріптесім менің қауіпсіздігімді сақтандырып тұрды. Менің аяғым тартылып қалған жағдайда, мен оған жігітті құтқар деп айттым. Бір қолыммен жәбірленуші ұстап, екінші қолыммен жағаға қарай жүздім. Осылайша, жігіттің өмірін сақтап қала алдық", – дейді оқиға орнына келген полицейлердің бірі.

Жігіт бұл әрекетті сүйіктісімен жанжалдан кейін жасаған.




Көрілген: 1403    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.10.2021, 02:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31