Өскеменде такси жүргізушісі жоғалып кетті

03 қараша 2018, 11:33

Өскеменде 54 жастағы такси жүргізушісі Алтай Қалиев жоғалып кетті деп жазады yk-news.kz.

30 қазан күні ол Hyundai Accent маркалы автокөлігімен үйінен жұмысқа шығып кеткен. Содан оралмаған.

Бойы − 165 сантиметр. Шашы − қысқа. Қара трико мен қоңыр красовка киген. Үстінде ақ-қара түсті жылы жемпірі бар.

Өскемен қалалық ІІБ 1964 жылы туған Алтай Қалиевтің жоғалғанына байланысты туыстарынан 31 қазан күні арыз түскенін растады.

sn.kz