Өскемендегі тоғыз қабатты ғимараттың қабырғасы опырылып түсті

06 маусым 2022, 08:55

Өскеменде көпқабатты үйдің қабырғасы опырылып түсті. Оқиға тоғыз қабатты тұрғын үйде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Өскемен қаласында Гагарин бульварында болған.

"Подъездердің бірінде кіреберістегі кірпіш қалқасы өздігінен опырылған", – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

Салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тек үйдің жанында тұрған көлікке зақым келген.