Оқиға

Өскемендік келіншек 9 және 1,5 жастағы балаларын аязда қалдырып кеткен

  • Фото: Видеодан кадр/ Еуразия бірінші арнасы

    Фото: Видеодан кадр/ Еуразия бірінші арнасы

Кеше Өскеменде ағасы мен қарындасы аязды күні көшеде қалып қойған. Ауруханаға түскен балаларға ақ халаттылардың жедел көмегі қажет болды. Ал қазірде бүлдіршіндерді "ұмытып кеткен" келіншек табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Балалардың анасы бағбандық қоғамдардың бірінде тұратын болып шықты. "Еуразия" бірінші арнасының тілшілерімен сөйлескен ол балаларды ешкім мазаққа айналдырмағанын түсіндірді.

Еленаның айтуынша, бүлдіршіндердің далада қалуына уақытша қарай тұруға келіспеген көршісі себепкер болған. Ол 9 жастағы Данил мен оның 1,5 жасар қарындасын үйден қуып шыққан.

Келіншектің сөзінше, ол көмекке біреуді шақырмақ болған. Бірақ, кімді және қалай екені есінде жоқ. Балалар ауруханаға түскен күні әйел мас болғанын айтады. Ал бүлдіршіндердің тағдыры жайлы бірге тұратын азаматы екеуі жаңалықтардан білген екен.

БЦП-мен ауыратын Данил тәртіп сақшыларына үйге оралғысы келмейтінін айтқан. Ал Еленамен кездескен құқық қорғау органдары қызметкерлері келіншекке баласының мәлімдемесін жеткізіпті. Елена да балаларын балалар үйіне өткізуге қарсы емес.

Құқық қорғау органдары балалары аязда ажал құша жаздаған жанұяның есепке алғанын мәлімдеді. Ал келіншек бала тәрбиесі бойынша өз міндетін орындамаған деп танылды.

Одан бөлек, Еленаның үстінен "Балаларды қауіпті жағдайда қалдыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тәртіп сақшылары балалардың денесінде азаптау белгілері байқалмағанын айтады. Дегенмен, олардың тұратын үйі өмір сүруге қауіпті. Полицияда Еленаны ата-ана құқығынан айыруға байланысты жұмысты бастап кетті.

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі өз балаларына алимент төлеуден қашып жүрген әкелерді бес тәулікке қамауға алу туралы ұсыныс білдірді.

 




Көрілген: 632    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.12.2019, 12:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29